Қостанай облысының экономикасы өсім көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының экономикасы өсім көрсетті

01.07.2021

Жалпы Қостанай облысында жол мәселесі өте өзекті. Мәселен Жангелдин ауданындағы жолдардың 90 пайызына мүлдем асфальт төселіп көрмеген. Ал, бұл өңір туризмді дамытуға өте қолайлы. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәселенің біртіндеп шешілетінін айтты. Бірақ жол жөндеу және құрылыс жұмыстары нақты қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз. Сондай-ақ, осы Қостанай облысының аумағынан орталық пен батысты жалғайтын тас жол өтуі тиіс. Оның құрылысы әзірге басталмаған. Өңір басшысы мәселені шешу әзірге мүмкін болмай тұрғанын, бұл жұмыс министрліктің құзіретіндегі шаруа екендігін айтты.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:
Автомобиль жолдары комитеті техникалық экономикалық негіздемені дайындап жатыр. Одан кейін жобалық сметалық құжаттама дайындалады. Қай жылы бастайтыны қазір белгісіз. Құжаттар дайындалғаннан кейін қаржымен қамтамасыз ету керек. Қаржы мәселесі бүгінгі күні күрделі деп есептейміз. Бірақ бүінгі күні бұл жергілікті атқарушы биліктің құзырында емес. Министрлікпен жұмыс жасап жатырмыз.

Жалпы жыл басынан бері өңірдің экономикасы оң өсім көрсетті. Салалар ішінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, бөлшек сауданың қарқыны жақсы. Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетовтың мәліметінше биыл өңірде 60 мың көлік құрастыру жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көп.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу