Атырауда эпидахуал күрт нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда эпидахуал күрт нашарлады

01.07.2021

Атырауда эпидахуал күрт нашарлады. Ауру көрсеткіші қалада өсіп барады. Айналдырған 4 күннің ішінде 326 адам вирус құрығына ілікті. Бүгіннің өзінде 98 тұрғыннан инфекция анықталды. Оның 69-ы шаһардан тіркелді. Облыстағы емдеу стационарларында 400-ге жуық науқас жатыр. 20-сы жансақтау бөлімінде. Бұған дейін ең ірі індет ошағы болған Теңіз мұнай кенішінде жағдай тұрақты. Ондағы ауруханада 49 жұмысшы ем алуда. Өңір 1 аптадан бері «қызыл» аймақта.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу