Ақмола облысында 95 әкім сайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 95 әкім сайланады

30.06.2021

Ақмола облысында аймақтағы 239 әкімнің 95-і алдағы саяси науқанда бақ сынайды. Сондықтан өңірде дайындық қызу. Сайлау комиссияларының мүшелері жергілікті жауапты мамандар сайлауды ұйымдастыру сұрақтарын талқылады. Қазір індет өршіп тұрғанда санитарлық талаптарды қатаң сақтауға басымдық берілмек. Саяси партия өкілдерімен де кездесу өтті. Онда кандидаттарға қойылатын талаптар айтылды. Әкім қызметіне үміткер сотталмаған, жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылмаған, жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан ел азаматы болу керек.

Манарбек Сәдуов, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Әкімдерді кім ұсына алады? Саяси партиялар ұсына алады. Бірақ ол азамат, кандидат, сол партия мүшесі болу керек міндетті түрде. Және екінші өз-өзін ұсыну, жергілікті халық өз-өзін ұсынады. Егер де сол сайлаушылардың арасында бір пайыз болса, қолдап, онда кандидат болуы мүмкін. Сосын әкім де ұсына алады. Егер ұсынған әкімдер ішінде біреу ғана болса, онда әкім тағы 2 адам қоса алады.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу