Нұр-Сұлтанда тағы да карантин күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда тағы да карантин күшейтілді

30.06.2021

Нұр-Сұлтанда тағы да карантин күшейтілді. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, енді жабық ғимараттарда қалалық мәдени шараларды өткізуге тыйым салынады. Әрі саябақтардағы барлық аттракциондардың жұмысы тоқтайды.

Ал «Ashyq» жобасына қатысатын театр, филормониялардың залы 20 пайызға ғана толуы тиіс. Кинотеатрлардағы орындардың толуы 30 пайыздан аспауы керек. Әрі көрермендер арасында екі орындық қалдырып, қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызылуы тиіс. Ал «Астана күніне» арналған іс-шаралар тек онлайн форматта өтпек.

Қаулы 2 шілде түңгі 12:00-де күшіне енеді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу