Қызылордада жанар-жағармай құю бекетінде газ жарылып, 15 жастағы жасөспірім жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жанар-жағармай құю бекетінде газ жарылып, 15 жастағы жасөспірім жарақат алды

05.06.2019

Оқыс жағдай автобусқа газ құйып жатқанда болған. Оқиғаның  себеп-салдары анықталып жатыр. Ал зардап шеккен бала сол жерде газ баллонын толтыру үшін кезекте тұрған. Қазір ауруханада. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы бірқалыпты.

Олжас Құрбанбаев, облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Диагнозы - екі қолы, іш, екі сан аймағының термиялық күйігі, жалпы көлемі 22-24 пайыз. Күйіктік шок ІІ дәрежесі. Науқас жедел түрде кеп түсті. Қазір реанимация бөлімшесінде жатыр. Бүгінгі таңда реанимациялық ем алып жатыр.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу