Бүгін дүбірлі доданың 1/8 финалының соңғы ойындары өтеді. Түнгі 00:50-де Швеция мен Украина құрамасы Глазгода кездеседі. Чемпионаттағы алғашқы ойынында шведтер Испания құрамасымен есеп ашпай, тең тарқасқан. Кейін Словакия мен Польшадан басым түсіп, жеңіске жетті. Е тобында олар бірде бір рет ұтылмай, көш бастап тұр. Бұл ретте құрамаға 3 гол сыйлаған Эмиль Форсбергті атап өткен жөн. Дегенмен Андрей Шевченко шәкірттері де осал емес. С тобында екі рет жеңіліп, бір рет ұтып плей-оффқа өткен еді. Әсіресе Нидерланд құрамасына қарсы ойын жанкүйерлер есінде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Швеция мен Украина құрамасы Глазгода кездеседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/142757/)