Қазақтың ұлттық аспаптары Бельгияның мемлекеттік мұражайына табысталды
Еуропадан сүйінші хабар. Қазақтың ұлттық аспаптары Бельгияның мемлекеттік мұражайына табысталды. Қазақстанның осы елдегі елшісі Марғұлан Баймұхан бүгін Брюссельдегі музыкалық аспаптар мұражайына қобыз, сыбызғы мен домбыраны ресми түрде сыйға тартты. 2 ғасырлық тарихы бар мұражайдың топтамасында түрлі ұлт пен мемлекеттің 10 мыңнан астам музыкалық аспабы бар. Мекеме басшылығы жақын күндері сөреге сыбызғы, қобыз бен домбыраны арнайы жайғастырады. Мұражайға келушілер ұлттық аспаптарды көріп қана қоймай, үнін де еститін болады. Шараға жиналғандар сыбызғы, қобыз бен домбыраның қоңыр үніне тәнті болды.
Томас Дермин, Бельгия экономика министрінің орынбасары, мемлекеттік хатшы:Музыка халықтарды жақындастырады дейді ғой. Біз бүгін мұражайдағы топтамамыз Қазақстан сияқты байтақ елдің ұлттық аспаптарымен толыққанына қуаныштымыз. Бұл аспаптарды көзіміздің қарашығындай сақтауға уәде етеміз. Мұндай шара Бельгия мен Қазақстан арасындағы достық қатынасты онан әрі бекемдей түсері сөзсіз. Бүгінгі бейнероликтен Қазақстанның тамаша табиғатын көрдім. Болашақта елдеріңізге сапарлап, Қазақстан тауларына шыққым келеді.
Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі:Үлкен алғыс айтқымыз келеді біздің мәдениет және спорт министрлігіне, Құрманғазы атындағы консерваторияға ,солардың қорынан халық аспаптары осы Еуропаның астанасына келіп отыр. Бұлардың ұсынысы келешекте жаңа тағы аспаптар болса Қазақстаннан қабылдауға олар дайын.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06