Жыл аяғына дейін 775 ауыл әкімі ауысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл аяғына дейін 775 ауыл әкімі ауысады

29.06.2021

Ауыл әкімдерін сайлауға айдан аз уақыт қалды. Жалпы, ел аумағында жыл аяғына дейін 775 әкім ауысады. Сарапшылар елдімекен тұрғындарының саяси белсенділігі артқанын жеткізді. Себебі, жергілікті жердің көркеюіне – тікелей өздері жауапты екенін жақсы біледі.

Халықтың 40 пайызы ауылда тұрады. Алайда, ондағы ахуал көп сыналады. Өйткені, жаны ашитын азаматы болмаса жағдайы жақсармасы анық. Енді, кемшілікті жергілікті тұрғындардың тікелей өздері түзетуіне мүмкіндігі бар. Алда сайлау. Ауыл басшыларын жұртшылық мәслихаттың қатысуынсыз сайлап алады. Өкілеттік мерзімі аяқталғалы тұрған 755 әкім ауысады.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
Қазіргі кезде ауылда жарық сөніп қалса да немесе басқа да ұсақ-түйек мәселелер болса да оның барлығына тікелей кімді кіналайды? Астананы кіналайды. Себебі әкімдердің барлығы не істейді? Тағайындалады. Ал қазір сондай принцип келе жатыр мемлекеттік басқарудың ол әкімдерді халық өзі тікелей сайлау арқылы жергілікті жерлердегі мәселелерді сол институт арқылы шешуге. Өзі сайлаған әкімдер арқылды шешуге алып келе жатыр.

Бұған дейін ауылдық округтердің дербес бюджеті бекітілді. Шартты атауы төртінші бюджет. Бірақ, онда қаржы қайдан құйылып, қайда жұмсалатыны күмән тудыратын. Алда тағы 4 түрлі салық түсімі ауыл қазынасында қалмақ. Бұлар бірыңғай жер салығы, жер телімдерін пайдаланғаннан, сатқаннан және жалдағаннан түсетін төлем. Енді халық саяси реформа негізінде мемлекеттік басқару ісіне араласа алады.

Индира Рыстина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
 Ауыл қауымдастықтары бар, кеңестер бар. Сондықтан тікелей халықтың өзінің қалауы арқылы және бақылауының негізінде қаржы нормалары жұмсалады.

Ауыл әкімі атануға талап қарапайым. Кандидат 25 жастан асқан болуы тиіс. Олар саяси партия атынан түсе алады. Өзін-өзі ұсынуға да қақылы. Тек ауыл тұрғындарының кем дегенде 1 пайыз қолын жинауы қажет. Егер екі жағдайда да үміткер табылмаса аудан әкімі ұсынады.

Нысаналы Ығыл 


Хабарламаларға жазылу