Мектептердегі қауіпсіздікті күшейту тапсырылды
Қазақстандағы мектептер 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Алайда оның 55 пайызы ғана тиісті талаптарға сай. Өзгелері жұмыс істемейд, тоққа қосылмаған немесе барлық аумақты түсіріп тұрған жоқ. Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында осылай деді. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 млрд теңге қарастырылмақ. Қазір білім беру ұйымдарында дабыл түймелері орнатылып жатыр. Бірақ әзірге олардың саны 700-ге жетер жетпес. Ал, балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қалалық жерлердегі білім беру ұйымдарын лицензияланған күзет қызметімен қамту қажет. Үкімет басшысы осы мәселелерді шешу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Жалпы оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын айтарлықтай жандандыру қажет. Өңірлердің әкімдіктері оқу жылы басталғанға дейін қауіпсіздікті, материалдық техникалық құралдармен қамтамасыз етсін. Білім министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге биылғы 10 шілдеге дейін білім беру ұйымдарында балалардлың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын бекітсін.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01