Вакцинацияның тиімділігі дәлелденді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцинацияның тиімділігі дәлелденді

29.06.2021

Вакцинация басталғалы коронавирус жұқтырғандардың саны екі есе азайды. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Екпе салдырғандардың саны сәуір-маусым айлары аралығында 1 млн 300 мың адамнан 3 млн екі жүз мың адамға дейін жеткен. Соның арқасында елде «Дельта» штаммының тіркелгеніне қарамастан аурудың таралу деңгейі бәсеңдегені байқалады. Дегенмен, соңғы бірнеше аптада екпе алғандардың саны күрт төмендеген. Ауру жұқтырғандардың саны өткен аптада 39 пайызға дейін өскен. Қазір ауруханалар 27 пайызға, жан сақтау бөліміндегі орындар 24 пайызға толған. Осыны ескере отырып, үкімет басшысы Асқар Мамин облыс әкімдеріне вакцинация қарқынын арттырып, қызыл аймақтағы карантин шараларын күшейтуді тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Бүгінгі күні 3,3 млн адам бірінші компонентті, екінші компонентті шамамен 2 млн адам салдырды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакцина салу қарқынын күшейту керек. Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау, БҚО қатысты. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакцинацияны енгізу қажеттігі айқын.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу