Әйгілі тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан туралы «Сарай сыры» телехикаясының түсірілімі басталды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен қолға алынған кинотуындының Алматыда өткен алғашқы түсіріліміне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен басқарма төрайымы Ләззат Танысбай қатысып, шығармашылық топқа сәттілік тіледі.
Министр киноөнердің, соның ішінде тарихи туындылардың басты мақсаты сананы жаңғырту екенін атап өтті. «Сарай сыры» - биыл корпорация түсіретін тарихи сериалдардың ішіндегі ең көп бөлімдісі. Сондай-ақ, отандық теленарықта жасалған Жәңгір хан туралы алғашқы телехикая. «Сол себепті шығармашылық ұжымға артылып отырған жауапкершілік те мол», - деді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Айта кетейік, 12 бөлімнен тұратын телехикаяда Бөкей ордасында 1823-1845 жылдары билік құрған Жәңгір ханның тұлғасы, хандықтың ішкі өмірі мен сол кезеңнің кейбір тарихи сәттері көрсетілмек.
Шыңғыс Арманұлы, жоба продюсері:
Көптеген тарихи мағлұматтар жинадық. Көптеген тарихшылардан сұрадық, қалай болғанын.
Нұрхан Нұрланұлы