Екпе салдыруда ауыл тұрғындары белсенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе салдыруда ауыл тұрғындары белсенді

25.06.2021

Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 135 мыңнан асты. Бүгінде ауылдық елді мекендерде ерікті түрде екпе салдырушылардың қатары күн санап артып келеді.

Мәселен, Арал, Қазалы аудандарына жеткізілген вакцинаның 85 пайызы егіліп, 30 мыңға жуық адамға вакцина салынды. Сондай-ақ, шалғайдағы ауылдарға да медициналық бригадалар қатынап, тұрғындарға екпе егіп жатыр. Тіпті, түрлі салада қызмет істейтін мамандардан бөлек, зейнеткерлер де екпе науқанынан қалыс қалған жоқ.

Күншығар Әбілов, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Халық арасында басында қиыншылықтар болды. Түсінбеушілік болды. Бірақ, осы біздің аудан халқы осы тұрғанда белсенді түрде келе жатыр. Сондықтан, аудан халқын әлде де осы індеттің алдын алу жолы вакцинация деп, барлығын түгелдей екпе алуға шақырамыз.

 Ал Қостанай облысында бүгінгі күнге дейін 120 мыңға жуық адам екпе қабылдаған. Қазір өңірде вакцина қоры жеткілікті. Екі компонеттің әр қайсысынан 100 мыңның үстінде доза бар. Әсіресе, халыққа қызмет көрсететін сауда орталықтары мен қонақ үй, дәмхана ұжымдары жаппай вакциналаудан өтіп жатыр.

Гүлвира Құдайқұлова, қонақ үй кешенінің директоры:
Біздің ресторанда 15 қызметкер бар. Барлығы вакцина қабылдап, 100 пайыз екпе алып қойдық. Өйткені, ол өзіміздің денсаулығымыз үшін қажет. Себебі, бізге түрлі қонақтар келіп-кетеді. Сондықтан, індеттің таралуына жол бермеу үшін біз қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу