Ақмола облысында 109 адам карантин талаптарын бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 109 адам карантин талаптарын бұзған

25.06.2021

Ақмола облысында карантин тәртібін сақтамай, қоғамдық орындарға барған 109 адам Ашық қосымшасы арқылы анықталды. 75-адам «сары», ал 34 адам «қызыл» санатта болған. Оқшаулану талабын орындамағандардың 20-сы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Олардың көбі Бурабайға демалуға келгендер. Сондай ақ, "Ашық" қосымшасын пайдаланбай, талапты бұзған оншақты бизнес нысанына ескерту берілді.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу