Қаламқас кенішіндегі ұңғымадан газ атқылап жатыр
Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында тағы да төтенше жағдай. Кешеден бері мұнай және газ өндіретін 2-цехта су аралас газ атқылап жатыр.
Шұңқыр газ шығатын ұңғымадан 35 метр қашықта. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Арнайы штаб құрылып, республикалық зерттеу институтынан келген мамандар жұмыстарын бастады. 2 ай бұрын дәл осы кен орнында төтенше жағдай тіркеліп, су аралас газ 3 күн бойы жанды.
Қуанар Базарбаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
- Қазір топырақ сеуіп жатырмыз. Маңайдағы құбырлардағы суды тоқтаттық. Қысым болмау үшін. Қазір грифонның қысымы кішкене төмендеді.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
23.10.2026, 10:00
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11