Қазақ-қырғыз арналары мәдени-тарихи жобалар жайын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз арналары мәдени-тарихи жобалар жайын талқылады

24.06.2021

Қырғызстандағы мемлекеттік телеарналардың мамандары «Қазақстан» телерадиокорпорациясына келді. Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай мен қырғызстандық «Пирамида» медиахолдингі» Бас директоры Доорнбек Адаханов телеөндіріс саласындағы өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды. Кездесу барысында «Қырғызфильм» киностудиясы, «Пятый канал», «ЭлТР» мемлекеттік телерадиохабартарату компаниясының өкілдері «Qazaqstan» арнасының жаңалықтар мен бағдарламалар және «Қазақ радиоларының» қызметімен танысты. Қырғыз тарабын ұлттық арнаның телеөндіріс тәжірибесі қызықтырып отыр. Мемлекеттік арналар басшылары мәдени-тарихи бағытта бірлескен жобалар жасау жайын да талқылады. Сондай-ақ қазақ телехикаяларын қырғыз елінде көрсетуге қызығушылық танытты. Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық арнаның 648 бөлімнен тұратын сегіз телесериалын Қырғыз Республикасының қоғамдық телерадиокорпорациясы көрсеткен еді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу