Елордада мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Жиында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруға және олардың міндеттеріне қатысты мәселе қарастырылып, атқарылатын жұмыстар баяндалды. Комиссия мүшелері өңіраралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу ісін жетілдіруге, архив құжаттарын сараптау жөніндегі оң тәжірибелерді ортаға салатын алаң құруға қатысты ұсыныс-пікірлерін айтты. Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев ғалымдарға зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін қолайлы жағдай жасау қажет екенін айтты. Жиын соңында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдеріне өңірлік комиссиялардың қызметін жетілдіруге, зерттеу жұмыстарына белсенді азаматтарды жұмылдыруға қатысты тапсырмалар берілді.