Шымкентте кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы екі есе ұлғаяды
Шымкентте кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін қаржы екі есе ұлғаяды. Бұл туралы баспасөз алаңында сұхбат берген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Шахар басшысының сөзінше шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайыз. Бұл Республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. 70 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. 2025 жылға дейін олардың санын 100 мыңға жеткізу көзделген. «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» аясында бөлінетін қаржы 2 есе көбейіп, 7 млрдқа жуықтайды деген жоспар бар. Қала басшысының сөзінше мегаполис статусын беру шаһардың жаңа тынысын ашты.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
Шымкент қаласының халық саны тоқсаныншы жылдары 400 мың болса, қазір 1 млн адамнан асты. Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. 30 жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 226 мың бала оқитын 186 мектеп бар. Қала бюджеті 1991 жылы 1 млрд теңге болатын. Бүгін 480 млрд теңгеден асты. Осыдан 30 жыл бұрын қалада 832 шақырым жол болса, бүгінде 4 есе өсіп, 3331 шақырымға жетті.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Ширек финалдағы шешуі сайыстар басталды
10.07.2026, 20:12
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
10.07.2026, 20:11
Қазақстанда цифрлық активтерді заңдастыру басталады
10.07.2026, 20:08
«Әділет» партиясы кандидаттардың тізімін бекітті
10.07.2026, 20:08
Халықтық Конституция - азаматтардың ақысыз медициналық көмек алуының кепілі
10.07.2026, 20:07
Абай полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараты ашылды
10.07.2026, 20:06
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысы күшейеді
10.07.2026, 20:06
Alatau City: 51 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр
10.07.2026, 20:05