Талдықорғанда 60 тәртіп сақшысына пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 60 тәртіп сақшысына пәтер берілді

23.06.2021

Қызылжарда полиция қызметінің автопаркі жаңа көліктермен толықты.

Мерекелік шарада учаскелік инспекторларға зауыттан жаңа шыққан автомобильдердің кіттері табысталды. Отандық «Chevrolet Cobalt» көліктері шалғайдағы ауылдарға жол тартады. Оларды сатып алу үшін облыс қазынасынан 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Марат Төлебаев, СҚО ПД бастығы:
Отандық 86 «Chevrolet Cobalt» автокөліктері облыстық бюджеттен лизингке алынды. Жаңа қызметтік автөкөліктер аудандық полиция бөлімдеріне, әсіресе алыс жатқан ауылдардағы учаскелік инспекторларына беріледі. Бұл полицейлердің облыстағы құқықтық тәртіпті нығайтуына ықпал етеді.

Ал Талдықорғанда полиция күніне орай сала қызметкерлері баспаналы болды. 60 тәртіп сақшысына жаңа пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Ұзақ уақыт үй кезегінде тұрған полицейлер енді алаңсыз қызмет етеміз деп қуанып отыр. Ішкі істер саласын модернезициялау бағдарламасы бойынша алдағы уақытта полиция қызметкерлеріне баспана салу жоспарланып отыр.


Хабарламаларға жазылу