Жаңа жылда жаңа баспана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жылда жаңа баспана

02.01.2014
Жаңа жылда жаңа баспана
Жаңа жыл қарсаңында жаңа баспана. Талдықорғанда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 120 пәтерлік 2 үй қолданысқа берілді. Бұл пәтерлерге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жинақтау жүйесіне қатысқан жас отбасылар ие болды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, тәртіп сақшылары, әскерилер мен дәрігерлер бар.
 
Бұдан бөлек, өтіп бара жатқан жылан жылында Алматы облысының орталығында 210 пәтерлі 4 үй тапсырылды. Ал, жылқы жылында қалада 65 мың шаршы метр баспана салынады. Мереке қарсаңында тамаша тартуға ие болған жас отбасылардың қуанышы шексіз.
 
Тимур Байбосынов, облыстық «Жетісу» телеарнасының телеоператоры:
Жаңа жыл қарсаңында осындай пәтер иесі болып жатырмыз. Елбасының осындай бағдарламасына рахмет. Осы күнге дейін Талдықорғанға Үштөбе қаласынан келіп жүрдім. Бүгін Талдықорғаннан пәтер алып, өте риза болып жатырмын. Қуанышымыз шексіз. 6 жыл күттім.
 
 
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу