Елордалық полицейлерге жаңа 30 көлік табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық полицейлерге жаңа 30 көлік табысталды

23.06.2021

Полиция күні қарсаңында елордалық полицейлерге су жаңа 30 көлік табысталды. Темір тұлпарларды қалалық әкімдік сыйға тартты. «Hyundai Elantra» және «Hyundai Tucson» маркалы көліктер өз елімізде құрастырылған. Жыл соңына дейін тағы осындай 11 автокөлік тапсырылмақ. Бұл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарда жылдамдықты арттырады. А, полицейлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында биыл департамент қызметкерлеріне «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» арқылы 100 пәтер беріледі деп жоспарланған.

Рүстем Болатов, қалалық Полиция департаменті кадр саясат басқармасы бастығының орынбасары:
Бұл біз үшін өте қуанышты. Осы табыс еткен автокөлік құралдары біздің қызметкерлерімізге және жалпы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосады деп ойлаймыз.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу