Ақтөбе облысының экономикасы қарқынды өсіп келеді
Ақтөбе облысының экономикасы жыл басынан бері қарқынды өсім көрсетіп жатыр. Әсіресе өнеркәсіп, инвестиция тарту, сауда, құрылыс сияқты салаларда оң динамика бар. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин журналистерге арналған баспасөз мәслихаты кезінде айтты. Қазір өңірдегі ірі проблеманың бірі – қуаңшылық. Өңір басшысы жергілікті әкімдіктер шаруа қожалықтарымен бірлесе қысқа дайындықты бастап кеткенін айтты. Егер жұмыс ойдағыдай болса, қуаңшылықты шығынсыз еңсеруге мүмкіндік бар. Тіпті өзге өңірлерге мал азығымен көмек бере аламыз деді. Сондай-ақ Ақтөбеде соңғы жылдары экологиялық мәселелердің өзектілігі артқан. Қоқыс полигондары толып кеткен. Оңдасын Оразалин проблема бақылауда, жуық арада шешеміз деп сөз берді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21