Ақмола облысында вакцина алғандар арасында сыйлықтар ойнатылады
Ақмола облысында Атбасар және Жақсы аудандарының теміржол ұйымдары вакцина алған жұмысшыларға бір күн ақылы демалыс береді. Ал, Щучье қаласындағы ірі сауда орындарының бірінде тұрғындар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Екпе салдырған ауыл тұрғындары үшін де түрлі сый-сияпат жасалуда. Қорғалжын ауданына қарасты Сабынды, Қараегін, Арықты ауылдарында екпе салу қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 60 мың тұрғын екі компонетті де алған. Ал бірінші компонентті салдырғандар 95 мыңға жуықтады. Қазір өңірде 131 екпе салу орны бар. 120 мобильдік топ жұмыс істейді.
Айна Мүсірәлімова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:
Облыста екпе салу ақырын жүріп жатыр. Ақпаратпен қамтамасыз ету белсенді жүргізілуде деп айтуға болады. Ал вакцинация қарқыны көңілден шықпайды. Ірі кәсіпорындар жақсы қолдау білдіріп отыр. Жұмысшыларына демалыс, сыйлықтар беру арқылы оларды ынталандыруда. Мысалы бір сүт зауыты екпе алған қызметкерлеріне өнімдерін тегін ұсынды. Осындай шаралар вакцина салдырғандарды көбейтуге ықпал етеді деп ойлаймын.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді
24.08.2026, 13:24
Президент дзюдошыларды тарихи жеңісімен құттықтады
24.08.2026, 13:18
Әлемдік БАҚ Құрылтай жайында ақпарат таратты
24.08.2026, 13:09
Құрылтай сайлауына 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды
24.08.2026, 13:06
«Дауыс» коалициясының 25 мың байқаушысы сайлауды жіті қадағалады
24.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауы: 5 пайыздық межені 5 партия еңсерді
24.08.2026, 13:00
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08