Ақтөбе облысында екі мектептің директоры жол апатынан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында екі мектептің директоры жол апатынан көз жұмды

21.06.2021

Ақтөбе облысында екі мектептің директоры жол апатынан көз жұмды. Тағы екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Төрт білім мекемесінің басшысы бір көлікте болған. Ойыл ауылынан Қобда елді мекеніне қарай бара жатқанда жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Салдарынан рөлде отырған Ақтөбе қаласындағы №33 мектептің директоры мен жиырмасыншы мектептің басшысы оқиға орнында көзжұмған. Қалған екеуі Ойыл аудандық ауруханасында операция жасалып, қан құйылған соң естерін жиған.

Бекболат Ізбасаров, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
45 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауырлықта. Жабық бас-ми жарақаты, бас миының жарақаты. Бұғана сүйегінің сынығы диагнозымен келіп түсті. Екінші әйел 45жастағы көптеген жарақаттар алған болатын. Қазіргі жағдайы тұрақты.

Ал Түркістан облысы, Созақ ауданында жол апатынан жеті адам қайтыс болды. Екпінді-Бірлік автожолы бойында «Лада-Приора» мен «Фольцваген-Гольф» көліктері соқтығысып, салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен 5 жолаушысы қаза тапты. Аман қалған 1 адам дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына тәжірибелі криминалистер мен жедел тергеу тобы шығып мән жайды анықтауда.

Жақсыбек Кемал

жол апаты

Хабарламаларға жазылу