Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады

20.06.2021

Бүгін Ирандағы президент сайлауына байланысты алдын-ала қорытынды шықты – Жоғарғы сот төрағасы, ультраконсерватор Ибрахим Раиси жеңді деген Ислам республикасындағы сайлау өткізу жөніндегі штабтың жетекшісі Жамал Орф. Ресми бекісе, Ибрахим Раиси қызметіне кіріспей тұрып АҚШ -тың санкция тізіміндегі Иранның бірінші президенті болады. Раиси 1988 жылы «өлім комиссиясы» деп аталатын сот мәжілістерінде отырған төрт судьяның бірі болған. Сол тұста мыңдаған саяси тұтқын өлім жазасына кесілген. Адам құқықтары жөніндегі ұйымдар оны адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптайды, ал АҚШ оған санкция салған.

Аз-кем шегініс: қазіргі президент Роуханидің басшылығымен Иран 2015 жылы АҚШ-пен ядролық келісімге қол қойған, оған сәйкес Тегеран ядролық бағдарламасын шектеп, Вашингтон санкцияларын босаңсытқан.

Дегенмен одан кейін билікке келген Дональд Трамп 3 жыл бұрын бұл келісімнен шығып кетті. Ал Трамп кеткесін, екі мемлекет арасында биыл келіссөз басталған.

Раиси бұл келіссөзді әрі қарай жалғастырамын деп отыр. Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хаменеи басқаратын Ислам сақшыларының кеңесі ықпалды деген үміткерлердің көбін сайлауға қатыстырмай тастаған.

Айта кететіні, Иранда инфляция 40 пайызға, ал жұмыссыздық деңгейі 11 пайызға жеткен. Коронавирустан 80 мың адам көз жұмған. Іс басындағы президент Хасан Роухани екінші мерзімі аяқталатындықтан, сайлауға түсуге хақы жоқ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды, Ақорта сайты.


Хабарламаларға жазылу