Өткен тәулікте 1174 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1174 адам коронавирус жұқтырған

18.06.2021

Енді эпидахуал бойынша статистикаға тоқталсақ. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта». Ал, «сары деңгейде» Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Ал, індетке шалдыққандардың күндік саны соңғы үш тәулікте мыңнан түспей тұр. Кеше тағы 1174 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 79 адам шалдығып, 1 науқас қайтыс болған. Ал, бүгінде 20 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 400-ден көбі ауыр жағдайда. Екпе алғандар саны 2 млн 675 мың адамнан асты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу