Маңғыстауда сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Маңғыстауда мемлекеттік қызметкерлерді басшыларға сыйлық жасауға үгіттеген шенеуніктің бейнежазбасы жария болды.
Мұны айтып отырған Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбек. Ол облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшыларымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оларға сыйлық жасауға кеңес берген. Бейнежазба қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі басқарманың да басшысы бөлім жетекшсінің үстінен құзырлы орындарға шағым түсірді. Олар видеоға түсіп қалған бөлім қызметкерлеріне де қатаң шара қолдануды талап етті. Ал шенеунік Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін қызметінен қуылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06