Джо Байден күзде сайлауға түсетінін тағы да мәлімдеді
АҚШ президенті Джо Байден НАТО саммиті аясында баспасөз мәслихатын беріп, күзде сайлауға түсетінін тағы да мәлімдеді. Республикалық қарсыласы Дональд Трампты жеңуге уәде етті. «Мен Президенттікке нағыз кандидатпын. Мені таңдасаңыздар, еш ұтылмайсыздар», - дейді Ақ үй басшысы. Конференцияда ол сөзден шатасып, орынбасары Камала Харристі Трамп деп атаған. Ал бұдан сәл бұрын Байден Украина президенті Владимир Зеленскийді «президент Путин» деп таныстырды. Байден жақында өткен теледебатта Трамптан ұтылды. Содан кейін партияластары оның денсаулығына күмән келтіріп, сайлаудан бас тартуды талап етіп жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үй аумағында көлікті жөн-жосықсыз қоятындарға рейд басталды
15.04.2026, 20:35
«SuperStar KZ»: Үміткерлерді іріктеу жалғасып жатыр
15.04.2026, 20:31
«Селт еткен сезім» телехикаясы күзде көрермен назарына ұсынылады
15.04.2026, 20:29
Мәдениет пен руханият– ел дамуының темірқазығы
15.04.2026, 20:27
Атырауда білім ордасында экологиялық орталық ашылды
15.04.2026, 20:25
Жас ғалымдар жаңа баспаналарына қоныстанды
15.04.2026, 20:23
ШҚО-да Altay Busіness форумы өтті
15.04.2026, 20:19
«AMANAT» партиясы жаңа жоба бастады
15.04.2026, 20:18