Винченцо Нибали «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 19-шы кезеңінде топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Винченцо Нибали «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 19-шы кезеңінде топ жарды

25.07.2015
Винченцо Нибали «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 19-шы кезеңінде топ жарды

30 жастағы италиялық велошабандоз Сен Жан де Морьен қаласы мен Ля Туссюр – Ле Сибель тау шаңғы курорты арасын жалғаған 186,5 шақырымдық 19-шы кезеңде мықтылығын мойындатты.

«Астана» көшбасшысы мәреге 60 шақырымдай қалғанда негізгі топтан суырылып шығып, қара үзіп кетті. Тіпті, көш басындағы «Мувистар» өкілі Пьер Ролланды қуып жетіп, оны да басып озды.

Осылайша теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан көмбеге бірінші келді. Бұл «Астана» мен Винченцо Нибалидің биылғы «Тур де Франстағы» алғашқы жеңісі. Осының арқасында ол басты классификацияда 7-ші орыннан 4-ші сатыға көтерілді.

Хабарламаларға жазылу