Ердоған мен Әлиев одақтастық туралы декларацияға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған мен Әлиев одақтастық туралы декларацияға қол қойды

16.06.2021

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Таулы Қарабаққа ресми сапармен барып, Шуша қаласында әзербайжандық әріптесімен одақтастық туралы декларацияға қол қойды. Ильхам Әлиев мәлімдегендей, өзара әскери көмек пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық - бұл құжаттың ең маңызы бөлігі. Сонымен қатар, декларацияда саяси, экономикалық, сауда, мәдениет, білім, спорт, энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріндегі қатынастарды дамыту да қарастырылған.

Бірқатар сарапшылардың ойынша, Ердоғанның Шушаға баруы Түркияның Оңтүстік Кавказдағы ықпалын байқатуы керек. Ал, әзірбайжандық депутат Вахид Ахмедов сөзінше, бұл сапар Түркияның осы аймақтағы дауысының көрсеткішіне айналуға тиіс.

Былтыр күзде Таулы Қарабақта болған 44-күндік соғыста Шуша стратегиялық пункт саналды. Ол Әзірбайжан армиясының қолына өткеннен кейін, Армения қарулы күштерінің жеңіліске ұшырағаны белгілі болды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу