«Әр науқастың жаны үшін өз өмірін бәйгеге тіккен дәрігерлер бейбіт күннің батыры әрі еліміздің мақтанышы». Медицина қызметкерлері күніне арналған жиында Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай дейді. Елбасы кітапханасында өткен жиынға медицина саласының топ менеджерлері, қоғам қайраткерлері қатысты. Қазір Қазақстанда 260 мың медицина мамандары қызмет етеді. Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Былтыр ерекше еңбегімен көзге түскен 840 медицина қызметкері Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:Адамдарды сөзбен ғана емес нақты іспенен, қаншама адамды аман алып қалды. 380 мың адамның ауырып, емделіп шыққаны сөз жоқ дәрігерлердің арқасы. Қиын-қыстау кезеңде өмірін қиған медицина саласының көптеген қызметкерлеріне басымызды иіп, рахметімізді айтамын.
Коронавирус инфекциясымен күреске тікелей қатысқан медицина қызметкерлеріне өткен жылдың наурыз айынан бастап жалпы сомасы 180 млрд. теңге үстемеақы төленді. Әрі медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артты. Дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге, ал орта медициналық қызметкерлер жалақысы 173 мың теңгеге дейін өсті.
Жұлдыз Данбаева, Нұр-Сұлтан қаласы №3 көпбейінді ауруханасының директоры:Бұрын біз 5 тәуліктен дем алмай істейтінбіз. Үйге бармай екі ай жүрдік. Биыл ондай тапшылық жоқ. График бойынша,бәрін қарап отырмыз. Дәрігерлер де жеткілікті.
Ғабит Бөкенбай