Түркістан облысында тауда жоғалған туристі іздеу шаралары 23 күн бойы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тауда жоғалған туристі іздеу шаралары 23 күн бойы жалғасып жатыр

16.06.2021

Түркістан облысында тауда жоғалған жетінші туристі іздеу жұмыстары 23-ші күн жалғасуда.

Қазір бұл жұмыстарға көрші Өзбекстан елініңде құтқарушылары кірісіп, екі ел шекарасында жалғасатын Өгем өзені аумағынан Шарбақ су қоймасына дейінгі жерді қарауда. Сегіз адамнан құрылған топ мүшелері өзен бойын, жағалауларын іздестіруде. Ал, еліміздіңқұтқару жасағындағы 114 адам екі топқа бөлініп, ұлттық парктің Айғыржыққан өзенінен қосылған жерінен төмен қарай Өзбекстан шекарасына дейінгі және Өгем өзенініңтұсынан жоғары қарай 14 шақырым ара қашықтықты сүзіп шыққан. Алайда еш нәтиже болмай отыр. Мамандар іздеу шаралары қиын жағдайда жүргізіліп жатқанын айтады.

Ерік Сарыбаев,    облыстық ТЖД Бастығыныңорынбасары:
Іздестіру жұмыстары қиын қыратты және шатқалды аумақтарды жүргізілуіне байланысты қиындықтар біршама туындауда. Сонымен қатар қауіпті және болуы ықтимал участоктарды ұшқышсыз ұшу аппараты, яғни дрондар арқылы да зерттелуде. Іздестіру жұмыстары тапқанға дейін жалғасатын болады.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу