Түркістан облысында алаяқ әйел 147 адамның атына онлайн-несие рәсімдеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында алаяқ әйел 147 адамның атына онлайн-несие рәсімдеген

16.06.2021

Түркістан облысында алаяқ әйел 147 адамның атына несие рәсімдеген. Күдіктіні ұстауға банк қызметкерінің арызы негіз болған. Ол несие алушылар тарапынан ерекше белсенділік пайда болғанына күмәнданған. Осыдан кейін тексеру жүргізген жедел уәкілдер расында да бірнеше алаяқтық әрекеттерді анықтайды. Ет сатумен айналысатын әйел «әр балаңызға 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алып беремін» деп, жұрттың сеніміне кіріп құжаттарына қол жеткізген. Алаяқ үш ай бойы 147 адамды алдап соққан. Күдікті қазір қамауда.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Тергеушілердің айтуына қарағанда бұл азаматтардың саны да әлі де артуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен 190 бабы 3-ші бөлігі бойынша Алаяқтық ірі мөлшерде бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу