Қостанайда алаяқ 44 адамның атынан 1,5 млн теңге онлайн несие алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда алаяқ 44 адамның атынан 1,5 млн теңге онлайн несие алған

13.04.2021

Қостанайда алаяқ 44 адамның атынан 1,5 млн теңге онлайн несие алған. 27 жастағы күдікті алдымен таныстарының жеке куәлігі көшірмесін түрлі себеппен сұратқан.  Кейіннен жоғалған құжаттарға қатысты әлеуметтік желідегі тараған суреттерді пайдаланып несие рәсімдеген. Сонымен бірге жұмыспен қамтуға арналған сайттарға жұмыс беруші болып тіркеліп, тұрғындардың құжаттарын сұратқан. Осылайша куәлік номерін пайдаланып, әрқайсысының атынан микрокредит алып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу