Түркістан облысында 300 мыңнан астам адам вакцина салдырды
Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпе салдырғандардың саны 300 мыңнан асты. Өңірде вакцинаның бірінші компонентін 304 мың адам ал, екіншісін 130 мыңға тарта тұрғын қабылдаған. Мамандар екпе алушылар қатары көбейген сайын қауіпті індет жұқтырғандардың саны азайғанын айтады. Мәселен, өткен тәулікте аймақта небәрі 19 адамнан ғана қауіпті ауру белгілері анықталған.
Сондықтан өңірде «Ashyq» қосымшасымен көптеген нысандар ашылып жатыр. Соңғы екі аптада «Ashyq» жобасы бойынша келушілер саны жоғары деңгей көрсеткен қоғамдық орындарға бірқатар жеңілдіктер жасалмақ. Қазір өңірде 400-ге жуық нысан аталған қосымша бойынша жұмыс істеу үшін QR-код алған.
Тимур Нахыпбеков, Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:
Мың адамды Ashyq арқылы тіркеген объектілер қосымша екі сағат уақыт қосылады. Яғни, мысалы қоғамдық тамақтану обьектілері түнгі сағат екіге дейін жұмыс істейтін болса, төртке дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Және сонымен қатар қосымша сиымдылығына рұқсат беріледі, тағы да 10 пайыз қабылдауға.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05