Еуропа чемпионатында Чехия құрамасы турнирді жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа чемпионатында Чехия құрамасы турнирді жеңіспен бастады

15.06.2021

Еуропа чемпионатында кеше Чехия құрамасы турнирді жеңіспен бастады. Глазгода Шотландиямен кездескен олар 0:2 есебімен жеңіске жетті. Чех шабуылшысы Патрик Шиктің қарсыластың қақпасына алаңның ортасынан салған голы әзірге Еуропа чемпионатындағы ең үздік гол. Ал Польша – Словакия матчында поляктар 1:2 есебімен есе жіберсе, Испания мен Швеция арасындағы ойын бірде бір голсыз аяқталған әзірге алғашқы матч. Чемпионаттың төртінші күнінен Шамкен Байырбек толығырақ.

Е тобындағы 1-турда Польша құрамасы Санкт-Петербургтегі «Газпром аренада» Словакаиядан 1:2 есебімен жеңілді. 18-минутта Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсный өз қақпасына гол салып алды.

Осыдан кейін шабуылға иек артқан Польша 46-минутта есепті теңестірді. Ал 62-минутта Гжегож Крыховяк Еуропа чемпионаттарында алаңнан қуылған екінші польшалық футболшы атанды. Арада көп уақыт өтпей Милан Шкриньярмергендік танытып, құрамасына жеңіс сыйлады.

Ал Д тобындағы 1-турда Шотландия өз алаңында Чехияға 0:2 жол берді. 42-минутта Патрик Шик Еуропа және Әлем чемпионаттары тарихында ең алыс қашықтықтан гол салған футболшы атанды. Бұдан бұрын бұл нәтиже 2010 жылы әлем чемпонатында 43 метрден Чили қақпасын дәл көздеген Давид Вильяға тиесілі болған. Ал Патрик кеше 49 метрден гол салды. Осыдан кейін 25 жастағы шабуылшы 10 минуттан кейін биылғы Еурода бірінші болып дубль жасады.

Е тобындағы Испания мен Швеция арасындағы ойында жанкүйерлер гол көре алған жоқ. Алғашқы минуттан бастап өнер көрсеткен 18 жастағы Педри Испания құрамасы сапында ірі доп додасында алаңға шыққан ең жас футболшы атанды.

Шамкен Байырбек 

Хабарламаларға жазылу