Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті арықтан табылды
Түркістан облысында екі күннен бері із-түссіз жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті бүгін үйінің жанындағы каналдан табылды. Біртілек ауылдық округінде тұратын Әзімбай Құдіретті туыстары мен полицейлер, еріктілер мен әкімдіқ қызметкерлері бас-аяғы 300-ге тарта адам іздеген болатын. Тіпті аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы топ құрылып, сол аумақты тінтіп шыққан. Табылмаған соң іздеу шараларына сүңгуірлер шақыртылды. Бүгін таңертең тоғыз жарымдар шамасында баланың өлі денесі тереңдігі небәрі бір метр болатын Айнакөл арығынан шықты. Өңірде биыл суға кеткен балалар саны екі есе көп. Жыл басынан бері аймақта 26 адам суға кетсе, соның 19-ы- кәмелет жасына толмаған балалар.
Қанат Қарабалаев, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
Былтырғымен салыстырғанда екі есеге өсіп отыр. Орын алып жатқан жағдайлардың негізгі себептері суға шомылуға арналмаған жерлерде шомылу, ата-ананың қарауынсыз қалуы, балалардың өз күшін бағаламай суға түсуі.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22