Бельгияда НАТО саммиті басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда НАТО саммиті басталады

14.06.2021

Бельгияда қауіпсіздік күшейтілді. Бүгін ел астанасы Брюссельде Солтүстік атлантикалық альянсқа мүше мемлекет көшбасшыларының алқалы кездесуі басталады. Саммитке қатысу үшін АҚШ Президенті Брюссельге арнайы ұшып келді. Джо Байден мен АҚШ –тың 700 -ден астам делегатының қауіпсіздігін Бельгия қорғаныс министрлігінің жүзден астам сарбазы қамтамасыз етпек. Жиында НАТО ұйымының 2030 жылға арналған жаңа стратегиялық тұжырымдамасы, хакерлік шабуылдар мен лаңкестік қауіп-қатердің алдын-алу мәселелері сөз болмақ. Сондай-ақ, Ауғанстан, Беларусь пен Украинадағы ахуал, Ресейдің агрессивті әрекеттері, Қытаймен қатынас жайы талқыланады. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу