Арал ауданына 500 тоннадан астам мал азығы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал ауданына 500 тоннадан астам мал азығы жеткізілді

13.06.2021

Мал өліп, әсіресе Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының шаруалары қиналып отырған қуаңшылыққа келсек, Маңғыстауға арпа келесі аптада жеткізілмек. Қанша дейсіз бе? 10 вагон. Ал шөп қалай болады дегенге келсек, Ақтөбе облысынан тасымалданатын 5-6 мың теңге тұратын 1 рулон шөп Маңғыстауға жеткенде жол шығынынан 3 есе қымбаттап, 16 мың теңгеге бір-ақ шығады.

Өңірді мал азығымен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарынан жем-шөп тасымалдауға келісім жасалды, ол үшін жергілікті бюджеттен 204 млн тең бөлінді, деген атқарушы билік өкілдері. Ал Қызылорда облысы Арал ауданына 500 тоннадан астам мал азығы жеткізіліпті. Қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін бе? -деген сауалға орай облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бір аптаның ішінде белгілі болатынын айтты.


Хабарламаларға жазылу