Атырау қаласында індетке шалдыққандар күрт көбейді. 3 тәуліктің ішінде 120-ға жуық тұрғын инфекцияның ілмегіне ілікті. Бүгін анықталған 63 адамның 44-і шаһардан тіркелді. Олардың 41-інде ауру симптомды түрде өтуде. Қазір облыстағы емдеу мекемелерінде 360-тан астам науқас жатыр. Соңғы кезде екпеге сұраныс артқан. Мәселен өткен бір тәуліктің өзінде 1200-ге жуық тұрғын вакцина алды. Өңірде 31 стационарлық және 10 жылжымалы екпе пункті жұмыс істеп тұр.
Жандос Темірғали