Президент Катар Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық қарым-қатынасты талқылады. Катар басшысының Қазақстанға жоспарланған сапарында бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластық жасалды. Қатарлық мейман коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының әзірленуіне байланысты Катар басшысының құттықтауын жеткізіп, осы мәселе бойынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Катар Әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, ірі жобаларды бірлесе атқаруға, экономика саласындағы байланысты нығайтуға келіскенбіз. Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор. Келешекте біз өзара ынтымақтастық бағытында үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17