Еуропалықтар қалыпты өмірге оралуда
Еуропа елдері шекараларын ашып, тұралаған туризмді дамытуға кірісті. Грекия Спутник салдыртқан ресейліктерді қабылдап жатса, Испания америкалық, еуропалық препараттардан бөлек Қытай екпесінің екі дозасын алғандарды құшақ жая қарсы алуда. Еуропалық Одақ елдерінің сандық Ковид сертификаты да тұрғындарға беріле бастады. Қарт құрлықтағы соңғы ахуалды әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік. Нұрсұлу, сіздің маскасыз тұрғаныңыздың өзі шектеудің алынып тастағанының белгісі болар?
Нұрсұлу Қасым, тілші:Иә, осы уақытқа дейін көшеге медициналық бетпердесіз шыға алмайтынбыз. Бүгін Бельгия астанасы Брюссельде адам көп шоғырланбаған жерлерде маскасыз жүруге рұқсат етілді. Және бүгіннен бастап тұрғындар дәмхана, мейрамханалардың тек жазғы алаңдарында ғана емес, ішінде де отыра алады. Халықтың қоғамдық тамақтану орындарын сағынғаны сонша, бірнеше апта бұрын үстелге тапсырыс беріп жатыр-дейді мейрамхана басшылығы. Сондай-ақ, бүгін 7 ай жабық тұрған театр, кинотеатрлардың да есігі қайта ашылды. Халықтың қалыпты өмірге оралуына эпидахуалдың жақсаруы, екпе науқанының қарқынды жүргізілуі септігін тигізді.11 елдің 11 қаласында өтетін футболдан Еуропа чемпионатын тұрғындар стадионда тамашалай алады. Бірақ, індетке байланысты орын шектеулі. Елдер стадионды 25-50 пайызға ғана толтырмақ. Жанкүйерлер маскамен, 1,5 метр арақашықты сақтап отыруы тиіс. Тек, Венгрия астанасы Будапешттегі доп додасы 100 пайыз көрерменнің қатысуымен өтеді. Стадионнан орын бұйырмағандар ойынды арнайы фан аймақтарда үлкен экраннан тамашаламақ. Бірақ, бұрынғыдай еркін жүріп-тұруға болмайды. Бір орында отырып көрулері керек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді
18.12.2025, 13:24
АҚШ-та бауырсақ пен балқаймақ таныла бастады
18.12.2025, 13:21
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі жұмысшы мамандықтары жылына орай жастармен кездесті
18.12.2025, 13:18
Оралда екі базар жабылды
18.12.2025, 13:15
Биыл 54 дәрігер білімін шетелде жетілдірді
18.12.2025, 13:12
3 жастағы баланы шымкенттік дәрігерлер құтқарып қалды
18.12.2025, 13:09
АҚШ пен Ресей өкілдері Майамиде келіссөз өткізбек
18.12.2025, 13:06
Мемлекет басшысы Жапониядағы қазақтармен кездесті
18.12.2025, 13:03