Сыр өңірінде екпе егу пункттері көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде екпе егу пункттері көбейді

09.06.2021

Сыр өңірінде екпе егу науқаны қарынды жүріп жатыр. Бүгінде аймақта вакциналау пункттері 106-ға жетсе, 39 жылжымалы бригада елді аралап жүр.

 Қаладағы емханаларда да тегіс вакциналау кабинеттері ашылған. Соның бірі «Сенім» клиникасында тұрғындардың сұранысымен екпе кабинеті ашылып, үш бригада ауысыммен жұмыс істеуде. Емханада күнделікті 100ге жуық адамға індетке қарсы екпе салынады. Жалпы облыста 96 мың тұрғын вакцина алған.

Ақылбай Шегебаев, қала тұрғыны: 
Бірінші вакцинада ешқандай теріс әрекеттер болған жоқ. Мынау әркім өзінің жеке басының және бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алып жатқан вакцинация. Өзімді жақсы сезініп жүрмін. 

Ал, Таразда көшпелі бригадалар оқу орындарына барып, мұғалімдерге екпе салуда. Қазір өңірде барлығы 120 мыңнан астам адам вакцина салдырса, оның 17 пайызы ұстаздар. Нақтырақ айтсақ, 20 697 білім беру ұйымдарының қызметкерлері екпе алып үлгерген.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу