Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды
Он бес тәуліктен бері Сайрам-Өгем табиғи паркінің аумағында жоғалған екі туристі іздеп жатқан құтқарушылар бүгін олардың заттарын тауып алды. Саяхатшылардың калың күртесі, жазғы сүйретпе аяқкиімі мен көрпе-төсектің қабы Айғыржыққан және Өгем өзендерінің қосылған тұсынан 500 метр қашықтықтан табылған. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды. Іздеу кезінде табылған заттардың барлығы полиция қызметкерлеріне табысталды. Жоғалған жасөспірімдерді іздеу әрі қарай жалғасуда. Оған 137 құтқарушы, 17 техника мен 1 тікұшақ жұмылдырылған. Бұл іске туыстары да көмектесуде. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүргізілуде.
Ерік Сарыбаев, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:Іздеу жұмыстары өте қиын таулы шатқалдарда және ағысы қатты Өгем Айғыржыққан өзендірінің бойында жалғасуда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Digital bridge: Спутниктік байланыс іске қосылды
02.10.2026, 16:35
Президент ЖИ технологиясын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» құптады
02.10.2026, 16:26
Мемлекет басшысы Трамп бастамашы болған суперинтеллект туралы келісімге қолдау білдірді – сарапшылар пікірі
02.10.2026, 14:09
Бізге дайын өнім мен жаңа технология жасай алатын білікті мамандар қажет - Тоқаев
02.10.2026, 13:39
Астанада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр
02.10.2026, 12:34
Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін
02.10.2026, 11:20
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36