СҚО-да екі күнде терек мамығының кесірінен 50 рет өрт шықты
Теріскейде соңғы екі күнде терек мамығынан 50 рет өрт шықты. Олардың көпшілігі – облыс орталығында.
Мамандардың айтуынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы, сіріңке мен отпен ойнаған балалар себепкер болып отыр. Мамықтан шыққан жалынның кесірінен бір отбасы баспанасыз қалса, екіншісінің қора-қопсысы жанып кетті. Биыл күннің ыстық әрі құрғақ болуына байланысты Қызылжарда терек мамығы тым көп. Қалалық әкімдік өкілдері теректің ұшуын басу үшін көшелерде су шашылатынын жеткізді.
Дмитрий Растихин, ТЖД басқарма бастығы:
Мамық тез тұтанады. Желмен ұшып, кез келген жерге от түсіруі мүмкін. Ұлпаның үстіне су шашып, кейін жинап алу керек. Себебі кепкеннен кейін ол қайтадан ұшады, тұтануы да мүмкін. Петропавлдағы мекеме басшыларына ғимарат аумағында темекі шегуге тыйым салуды ұсынамын.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18