Тергеу изоляторында «Ashyq» қосымшасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тергеу изоляторында «Ashyq» қосымшасы іске қосылды

08.06.2021

Қызылорда облысындағы түзеу мекемелерінде «Ashyq» қосымшасы іске қосылуда. Бұл жобаны алғашқылардың бірі болып, қаладағы 169/1 тергеу изоляторы қолға алды. Сотқа дейінгі тергеу изоляторында бүгінде 200-ге жуық адам қамауда отыр. Сотталушылар мен айыпталушылар және мекеме қызметкерлері түгел коронавирусқа қарсы вакциналаудан өткен. Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатында мекеме басшылығы «Ashyq» қосымшасын іске қосып отыр. Себебі мұнда күнделікті келіп-кетушілер көп. Егер олардың қатарында науқаспен тығыз қарым-қатынаста немесе вриус жұқтырғандар болса, мобильді қосымша арқылы анықталып, түзеу изоляторына кіре алмайды.

Қайрат Олжабаев, ЗК-169/1 түзеу мекемесі бастығының орынбасары:
Эпидемиологлық тұрақтандыру, жағдайларды ұстап тұру бойынша «Ashyq» қосымша бағдарламасы іске қосылуда. Қазіргі таңда бізде вирус жұқтырғандар жоқ. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу