Түркістан облысында вакцина қабылдағандардың саны 234 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында вакцина қабылдағандардың саны 234 мыңнан асты

07.06.2021

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинацинаны қабылдағандардың саны 234 мың адамнан асты. Ал, екінші компонентпен 83 мыңға тарта адам егілген. Мамандар вакцина салдырғандардың қатары көбейген сайын, қауіпті індетті жұқтыру дерегі азайып отырғанын айтады. Мәселен, халық саны 2 миллион адамнан асатын аймақта күні кеше небәрі 20 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Яғни, тәуліктік өсім 0,31 % . Егу шаралары осы қарқынмен жалғасса, қыркүйек айына дейін жергілікті халықтың 60 пайызы вакцина салдырып үлгереді дейді сала басшылары.

Серік Әбдіқұлов, қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:                                                          
Бір күннің ішінде Түркістан облысында 6 мыңнан астам адам өз еріктерімен келіп екпе қабылдауда. Оның ішінде егде жастағы азаматтар да өз еріктерімен келіп екпе қабылдауда. Оның өзі мына халықтың арасында вакцинаға деген сенім мен көзқарастың өзгергендігі деп түсінеміз.

Қызылорда облысында 90 мың тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алды. Жалпы облыста күніне мыңнан аса адам ерікті түрде екпе салдырып жатыр. Олардың көбі - қарапайым тұрғындар. Вакцина қоры да жеткілікті. Бүгінде 40 мыңдай доза сақтаулы. Халық арасында коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптаса бастағанын өңірде эпидахуалдың тұрақтануынан аңғаруға болады. Облыста індет жұқтырғандар саны азайып, өңір «жасыл аймаққа» өтті.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу