Ұлттық банк ескі банкноттарды кез келген уақытта қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк ескі банкноттарды кез келген уақытта қабылдайды

04.06.2021

Ұлттық Банк енді 2006 жылдан бастап қолданыстан шыққан банкноттарды кез келген уақытта қабылдайды. Яғни, бұрынғыдай шектеу мерзімі жоқ. Бұл шешім халықтың өтініші негізінде бекітілген.

Ереже 2021 жылдың 12 маусымынан бастап күшіне енеді. Жаңа банкнот шыққан жағдайда 1 жыл ескі үлгідегі ұлттық валютаменқатар жүреді. Екеуі де заңды төлем құралы бола алады.

Сәкен Тажиев, ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің бас маманы
Осы мерзім аяқталғаннан кейін айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық банк филиалдарында, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде және Қазпошта кеңселерінде айырбастауға мүмкіндік болады.

Егер белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» кеңселерінде айырбастай алмай қалсаңыз, онда Ұлттық Банктің филиалдары ескі үлгідегі ақшаны кез келген уақытта қабылдайды. Банкноттарды айырбастау мерзімін шектемеу халықаралық тәжірибеде де бар дейді мамандар.

Сәкен Тажиев, ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің бас маман:
Мысалы, Германияда еуро валютасы енгізілгеніне қарамастан ескі немістің банкноттарын кез келген уақытта ұлттық банктерінен айырбастауға болады. Долларда да сондай жағдай.

2006 жылғы үлгідегі банкноттардың көбіайналымнан алынған. Яғни, халықтың қолында аз мөлшері ғана қалды. Айырбастау бірден әрі жылдам ұйымдастырылады. Филиалдарының мекенжайы мен байланыс нөмірлерін Ұлттық банкт сайтынан көруге болады.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу