Кеше 1319 адамның вирус жұқтырғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеше 1319 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

04.06.2021

Енді елдегі эпидахуал бойынша статистикаға тоқталсақ. Қазір қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалды. Ал, 6 облыста жағдай орташа болса, 9 өңір жасыл аймақта тұр.

Індетке шалдыққандар саны да азайып келеді. Кеше 1319 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 103 адам шалдығып, 7 адам қайтыс болған. Қазір 25 мыңға жуық науқас емделіп жатыр, олардың 75-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал, бүгінге дейін 2 млн 181 мың адам екпе салдырған.


Хабарламаларға жазылу