Өткен тәулікте 1832 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1832 адам коронавирус жұқтырған

24.05.2021

Енді, елдегі эпидахуалға ойыссақ. Вирустың таралуы бойынша қазір 6 өңір қызыл, 6 өңір сары аймақта тұр. Ал, 5 өңірде жағдай қалыпты.

Бірақ, індетке шалдыққандар саны азаяр емес. Кеше тағы 1832 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 15 адам шалдыққан. Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 22 адам қайтыс болды. Ал, вирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 2 млн-ға жуықтады.


Хабарламаларға жазылу