Алматыда әнұран бірнеше аумақта бір уақытта шырқалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әнұран бірнеше аумақта бір уақытта шырқалды

04.06.2021

Алматыда рәміздер күніне орай мегаполистегі бірнеше аумақта мемлекеттік әнұран бір уақытта шырқалды. Шара қаладағы адам көп шоғырланатын орындарда өтті. Оған барлық ауданның белсенді жастары мен тұрғындар атсалысып, әнұранды бірге орындап шықты. Бұл акция рәміздерімізді дәріптеп, патриоттық қасиетті арттыруға бағытталған дейді ұйымдастырушылар.

Дидар Ділдәбек, Медеу ауданы жастар ресурсы орталығының басшысы:
Жасыратыны жоқ, көптеген адамдар біздің бүгінгі қандай күн екенін де білмейді. Мемлекеттік рәміздердің авторлары, оның тарихы қалай болды, бұл дегеніміз біздің мемлекетіміздің өткені. Бүгін осындай мереке болып жатқанын білдірейік деген мақсатпен біздің жастарымыз осындай бір акция ұйымдастырып отырмыз.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу